Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртау қаласының бас имамы жамағатқа есеп берді
20 желтоқсан, 2021 жыл 309 Басып шығару нұсқасы

​Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы жамағатпен кездесіп, «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешіті тарапынан жыл бойы атқарылған іс-шаралардың есебін берді.
 
​ Ақ дастарқан басында өткен алқалы жиынға Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Саятұлы, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамдары Құмар Қоныскерей, Асылхан Нұртайұлы, Нұрбол Әділмұратұлы, жергілікті қолы ашық, кең пейілді азаматтар мен жамағат қатысты.
 
​Бас имам Естай Айтуғанұлы өз сөзінде құлшылық үйінің 2021 жылы атқарған ауқымды іс-шаралары жайлы айтып, алдағы жылы да көптеген игі шаралар жүзеге асырылатынын тілге тиек етті.
 
​Осыдан кейін облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамдары Құмар Қоныскерей жиналған қауымға тұщымды уағыз насихат айтып, салихалы ойларымен бөлісті.
 
​Іс-шара соңында Естай Айтуғанұлы Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің баянды бастамаларына қолдау көрсетіп келе жатқан Жанатбек Пернебекұлы, Мирас Ғалымбекұлы, Амангелді Талдыбекұлы есімді жомарт азаматтарға және мешіт жанашырларына арнайы алғыс хаттар табыстап, алғысын айтты.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары