Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Приозерск қаласында бірнеше кездесу өтті
30 қараша, 2021 жыл 141 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты Приозерск қаласында  діни экстремизмнің алдын-алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары  жүргізілді. Арнайы шара барысында "Қазыбек би" мешітінің  имамы Әбдірахман Ысқақ Рахымбекұлы аймаққа қарасты бірнеше мекемелерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, уағыз-насихат айтты.  Атап айтқанда   «Приозерск» мешітінің жамағаты, Приозерск қаласының «Бетпак дала секюрити», «Служба Балхаш-такси» қызметкерлері, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, қалалық базар, Приозерск қаласының білім бөлімі №1 және №2 ЖОББМ мұғалімдері, қалалық қазынашылық басқармасы, салық басқармасы, статистика басқармасы, Приозерск қалалық кітапханасы, қалалық мәслихат, Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері қамтылды. Кездесу барысында жиынға қатысушылар өз тараптарынан туындаған бірнеше сұрақтарға жауап алды.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары