Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қарағанды қалалық "Төлеутай ата" мешітінің имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен " Тәуелсіздік тұғырым" атты футболдан турнир өтті.
Аталмыш шараға мешіт жамағаты, "Олжас Есенұлы" атындағы медресе шәкірттері және Пришахтинск елді мекенінің жастарыда белсенділік танытты.Турнирге барлығы бес команда қатысты.
Спортпен айналысу Пайғамбарымыз с.ғ.с. сүннеті. Денсаулық- бұл үлкен нығмет. Қазақта “Шынықсаң шымыр боласың", "Дені саудың-жаны сау" деген керемет сөздер бар.Спортпен айлалысу- бойымызды тазалап, қан айналымымызды жақсартып, біздің ойлау қабілетімізбен санамызға оң әсерін береді.
Адам сергек жүрсе, оның рухани қуаты да мол болады. Оның үстіне, осындай шаралар жамағат арасындағы ынтымақтастықты нығайтып , денсаулығымызды жақсартып оң әсерін береді. Турнир соңында шараға ат салысқан командаларға алғыс хат табысталды.
Пікірлер