Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды өңірінде конфессияаралық келісімді насихаттау, діни сауаттылықты арттыру бағытында қызмет атқарып жүрген бір топ азаматтар марапатталды.
Қарағанды облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен үлкен жиын өтіп, оған дін саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттауда елеулі үлес қосып жүрген үздік қызметкерлер жиылды. Салтанатты жиынның мақсаты - ұлт болашағына бүгіннен жол бастап, рухани үйлесімділіктің орнығуы мен діни ахуалдың тұрақтауы жолында қызмет етіп жүрген мамандарға қолдау көрсетіп, ризашылық білдіру.
Шара барысында ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты бірнеше мешіт қызметкерлері марапатталды. Атап айтқанда Қарағанды қалалық Әл Машани мешітінің имамы Жанболат Жұматұрұлы, Қазыбек би мешітінің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы, Саран қаласының имамы Мұхаммедқали қажы Саликов, Абай ауданының имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы және тағы да басқа дін қызметкерлерінің еңбегі еленді. Салтанатты шарада Дін істері басқармасының басшысы Халел Дулат Қанышұлыи қызметкерлерге арнайы алғыс хат табыстап, үлкен ризашылығын білдірді.
Ihsan.kz
Пікірлер