Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ҚАЗЫБЕК БИ» МЕШІТІНІҢ ИМАМЫ МАРАПАТТАЛДЫ
26 қараша, 2021 жыл 125 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды өңірінде конфессияаралық келісімді насихаттау, діни сауаттылықты арттыру бағытында қызмет атқарып жүрген бір топ азаматтар марапатталды.
Қарағанды облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен үлкен жиын өтіп, оған дін саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттауда елеулі үлес қосып жүрген үздік қызметкерлер жиылды. Салтанатты жиынның мақсаты - ұлт болашағына бүгіннен жол бастап, рухани үйлесімділіктің орнығуы мен діни ахуалдың тұрақтауы жолында қызмет етіп жүрген мамандарға қолдау көрсетіп, ризашылық білдіру.
Шара барысында ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлына облыстық Дін істері басқармасының басшысы Халел Дулат Қанышұлы арнайы алғыс хат табыстап, үлкен ризашылығын білдірді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары