Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды обл.: «Курочка Ряба» жұмыртқа өнімдері тексерілді
25 қараша, 2021 жыл 246 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысында орналасқан «Ushtobe Qus» құс фабрикасы өндіретін «Курочка Ряба» жұмыртқа өндірісіне ревизорлық бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Аудит жұмыстарын «Халал Дамудың» директоры бас сарапшы-технологы Айжан Омарова, технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев, жергілікті инспектор-контролер Ысқақ Абдрахманов орындады.

«Ushtobe Qus» құс фабрикасы – еліміздің солтүстік өңіріндегі тағамдық құс жұмыртқаларын өндіру бойынша теңдесі жоқ кәсіпорындардың бірі. Ең үздік жабдық, ең үздік тәжірибе осында. Кәсіпорында биоқауіпсіздік пен өндірістің экологиялық талаптарын сақтау мақсатында жоғары технологиялық энергия үнемдейтін жабдықтар пайдаланылады. Бүгінгі тексеріс барысында құстардың жем-азығынан бастап, дайын өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау процесстері толықтай тексерілді. «Курочка Ряба» сауда белгісімен шығарылатын жұмыртқа өнімдері Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай және Қарағанды облыстары, Нұр-Сұлтан қаласына тасымалданады», – деген Данияр Сафиев аудит қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін, алайда халал стандарты бойынша сертификаттау процессі әлі де аяқталмағандығын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысы, Целиноград ауданында орналасқан «Курочка Ряба» тауық еті өнімдері ғана «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған болатын. Ал, Қарағанды облысында орналасқан «Курочка Ряба» жұмыртқа өнімдерін сертификаттау нәтижесін алдағы уақытта хабарлайтын боламыз!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары