Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ТЕМІРТАУДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ
14 қараша, 2021 жыл 459 Басып шығару нұсқасы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған волейбол турнирі өтті
 
ҚМДБ-ның Қарағанды өкілдігіне қарасты Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешіті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының құрметіне «Тәуелсіздік тұғырымыз» атты әйел-қыздар жамағаты арасында волейбол жарысын ұйымдастырды.
 
Арнайы спорт алаңында ұйымдастырылған спорт додасына Қарағанды өңірінің түкпір-түкпірінен келген 7 команда қатысты.
 
​Әйел-қыздар жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған спорттық іс-шара шымылдығын Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы ашып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
 
​Спорттық додадағы әр ойын қызу да тартысты өтіп, жарыс нәтижесінде І орынды Қарағанды облыстық «Әнет Баба» мешітінің командасы иеленсе, ІІ орын Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешітінің командасына, ал ІІІ орын «Бала қажы» мешітінің командасына бұйырды.
 
Жүлделі орын иегерлеріне сәйкесінше 50 000, 30 000, 20 000 мың теңгеден беріліп, арнайы кубоктар және медальдар табыс етілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары