Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

РУХАНИ МӘУЛІТ КЕШІ ЖАЗҚАЗҒАНДА ЖАЛҒАСТЫ
08 қараша, 2021 жыл 52 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, туған айының құрметіне орай мәуліт шарасы Қазақстан бойынша барлық мешіттерде өткізіліп жатыр. Әрине Жезқазған қаласы жамағаты да бұл маңызды шарадан тасада қалған жоқ. Ахмет Ишан Оразайұлы атындағы мешіт имамдарының ұйымдастыруымен қараша айының бесінші жұлдызында  жұма намазынан кейін мешіт асханасында «Мәңгілік өнеге әз Мұхаммед Мұстафа» деген атаумен рухани іс-шара өтті, мерекелік дастархан жайылды. Рухани іс-шараға қаламыздың ақсақалдары, белсенділері, жамағаты қатысты. Іс-шарамыздың қонағы ретінде Жезқазған өңіріндегі имамдар шақырылды.

Іс-шарада Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның өмір жолын, адамзатқа, мұсылман үмметіне қалдырған өнегелерін танытатын викториналық ойындар өткізілді. Сұрақтарға мүдірмей жақсы жауап берген азаматтарға құнды сыйлықтар табысталды.

 Мешітіміздің бас имамы Омар Нұрперзент және Сатпаевтан ат терлетіп келген қонақ имамдар мәуліттің мән мазмұнын ашатын, Пайғамбарымызға деген махаббатты арттыратын уағыз насихат айтты.  Құран оқылып, пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірбаяны таныстырылды. Мешіт ақсақалы Сүннетбай қажы мәулітке қатысты ақ тілегін жеткізіп, бата берді. 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары