Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФУТБОЛ КУБОГЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ (ФОТО)
28 қазан, 2021 жыл 109 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен облыс мешіттері арасында   кіші футболдан  ұйымдастырылған жарыс өз мәресіне жетті. 

Жарыс қорытындысы бойынша «Жаңаарқа» мешіті бас жүлдені өз қоржынында сақтап қалса, кезекті екінші орынды  «Жезқазған» мешіті жамағаттары алса, үшінші орынды «Теміртау» мешіті місе тұтты. Жүлделі төртінші орын «Балқаш» мешіті жане бесінші орын «Нұра» мешіті жамағатының қанжығасына бұйырды. Сайысқа қатысушы жамағатты марапаттау рәсімінде  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы қатысып, Өзінің құттықтауы мен ізгі тілегін жеткізіп, жүлделі сыйлықтар мен  мақтау қағаздарын табыстады.

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары