Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҒАЛАМНЫҢ РАХЫМ НҰРЫ ӘЗ ПАЙҒАМБАР (С.Ғ.С.)
25 қазан, 2021 жыл 138 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Қарағанды өкілдігіне қарасты, Шет ауданы, Бұрма ауылдық мешітінде мәуліт мерекесі аталып өтті.
Бұрма ауылындағы мешіт  имамының игі бастамасымен өткен шараға зиялы қауым өкілдері, абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер, жастардан құралған мешіт жамағаттары және жақын маңайдағы ауыл имамдары қатысты. 
Мүбәрәк мейрамға Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің ұстазы Маханбетчин Қарубай Берікұлы барып сүйікті елші, көзіміздің нұры, басымыздың тәжі болған Пайғамбарымыздың (с.а.у) өмірі мен ғибратқа толы оқиғаларын насихаттап, Мәуліт мерекесін тойлаудың артықшылығы мен пайғамбарды сүюдің, оның хақ жолымен жүрудің маңызына тоқталды.    
Сауапқа толы ізгі шараға Ақтоғай ауданының бас имамы Рысбай Асыл Көкешұлы келіп Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) Мәуліт оқып, жиылған жамағат Алла Елшісіне (с.ғ.с.) салауат, сәлем жолдады. Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген күнінің құрметіне өткен рухани кеште жамағат арнайы жайылған ақ дастарханнан дәм татты. Рухани кештің  соңына қарай жамағаттың көкейінде жүрген діни сұрақтарға кезек берілді. 
Кеш соңында ауыл ақсақалдарының батасын алып, құран бағышталып Алла елшісінің (с.ғ.с.) рухына бағышталды. Алла елшісіне салауат жолдап, қарияларға құрмет көрсетіп батасын алған мешіт ұжымына келген қонақтар дән ризашылығын білдірді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары