Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАЛҚАШ МЕШІТІ ЖАМАҒАТЫ БІЛІМІН ОРТАҒА САЛДЫ
23 қазан, 2021 жыл 144 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыздың (с.а.с) мәуліт айы келгелі бері еліміздің  түкпір-түкпірінде  мешіттерде  пайғамбарымыздың с.ғ.с . құрметіне Мәуліт дұғасы оқылып,  сүйікті пайғамбарымыздың өмірінен өнеге алатындай  түрлі іс-шаралар  өтіп жатыр. Кезекті  іс-шара  Балқаш қалалық мешітінде де ұйымдастырылды.  Мешіт жамағаттары  арасында ұйымдастырылған                    

  «Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с) өмірінен өнеге» атты іс-шараға  8 жастағы баладан 80 жастағы қарияға  дейін  қатысып, пайғамбарымыздың өмірінен, істеген істерінен, айтқан мүбарак  хадистерінен  қысқада нұсқа үзінді келтіріп, өз өнерлерін ортаға салды.

Нәтижесінде топ жарған үздік қатысушыларға  бірінші  орынға 15000 теңге, екінші орынға 10000 теңге , үшінші орынға  7000 теңге, және ынталы қатысушылардың барлығы  5000 теңгеден қаржылай сый-сияпат жасалды. Соңынан  пайғамбарымызға (с.а.с) муәліт дұғасы оқылып, салауаттар айтылды.

Жұма намазынан кейін мешіт тарапынан ұйымдастырылған  игі  шараға жиналған жамағат ризашылықтарын білдіріп, имамға зор алғыс айтты.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары