ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Аманбол қажы Рымқұлұлының ұйымдастыруымен жылдағы дәстүрге сай қайырымдылық шарасы өтті. ҚМДБ- ның басты бағытының бірі қайырымдылық болғандықтан аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы осы жолы Абай қаласындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандарға құрмет көрсетті. Арнайы шараға Қарағанды облысының наиб имамы Қоныскерей Құмар қатысты. Шара барысында 13 жанұяға азық-түлік үлестірілді. Өз кезегінде аудан имамы Аманбол Рымқұлұлы шараға ат салысып қолдау көрсеткен демеушілерге ризашылығын білдірді.
ihsan.kz
Пікірлер