Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ: «Адамзаттың асылы»
21 қазан, 2021 жыл 240 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты  Абай аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың асылы"»атты рухани мәуліт кеші  жоғарғы деңгейде өтті.

Аталмыш шараға Қарағанды облысының наиб имамдары Қоныскерей Құмар  және Темірханов Асылхан Нұртайұлы және басқада аудан имамдары қатысты. Қасиетті рухани кештің шымылдығы Құран оқумен ашылды. Берекелі шарада алғаш  сөз алған Қоныскерей қажы облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының ыстық сәлемі мен  құттықтауын жеткізді.

Арнайы кештің құрметіне салауаты мәуліт оқылды. Өз мақамында әсерлі етіп мәуліт дұғасын Аманжолоа Сұлтан оқыды. Арқаның ардақты ақындары Тілеген Әбілов пен Мақсат Ахановта осы кештің көркін келтіріп, терме орындап айтыс өткізіп, көрерменге көңілді кеш сыйлады. Шара барысында Осакаров аудандық орталық мешіті имамы Жоламан Әбілдәұлы әсерлі уағыз айтып, жамағатты бір тебірентті. Кеш соңында Абай ауданы орталық мешіті имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы қонақтар мен мәуліт кешін жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барша ат салысушыларға Өзінің алғыс білдірді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары