Рухани келісім күніне орай Қарағанды облысына қарасты Шет аудандық музейінде «Рухани келісім-тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді.
Іс-шараға аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Маханбетчин арнайы қатысып, киелі қазақ жерін мекен еткен өзге де ұлттар мен ұлыстардың арасындағы этнос аралық бейбітшілік пен келісім жайына баяндама жасады. Шараның басты мақсаты жастардың бойына ұлтымызға тән қасиеттерді құрметтеуге үйрету, үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, татулық, отбасылық береке-бірлік, бейбітшілік және игілік құндылықтарын бойына дарыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Пікірлер