Қазақстанда "Рухани келісім күні" жыл сайын кең көлемде, салтанатты түрде аталып өтіледі. Конфессияаралық келісім мен діни төзімділікті қамтамасыз ету мемлекет саясатының басымдығы болып табылады. Осы айтулы күн аясында Қарағанды облысына қарасты Саран гуманитарлы техникалық колледжнде рухани келісім күніне арналған кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында аймақ имамы Мұхамедқали Салиқов білім ордасының студенттеріне діни татулық пен бейбітшілік жайында уағыз-насихат айтты. Болашақ маман иелеріне Өзінің ыстық лебізі мен тілегін білдірді.
ihsan.kz
Пікірлер