Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ҚАРИЛАР Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНАН ҚАНЖЫҒАЛЫ ОРАЛДЫ
14 қазан, 2021 жыл 184 Басып шығару нұсқасы

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» мәдениет кешенінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқауы мәресіне жетті.

74 үміткер бақ сынаған байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысының құрметті азаматтары мен ел ағалары, сондай-ақ, дін жанашыры, жарысқа демеушілік жасаған Бахаридин Аблязимов арнайы қатысты.

Қатысушылардың қарым-қабілетін бағалап, жарысқа төрелік еткен қазылар алқасындағы Кәмілжан, Сәдуақас, Данияр, Ерсін және Жұманазар қариларға да рақметімді айтып, Алла жар болсын демекпін. Осы отырған жап-жас қариларымыз өздеріңіз секілді білімді, абыройлы азамат болып өссін!» деді Бас мүфти марапаттау сәтінде.

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен қарилар байқауыны Қарағанды облысынан қатысқан Әділет Саяжанов (Қарағанды, 27 жаста) «10 пара» бойынша ІІ орынды  (1 000 000 теңге) иеленді.  Сондай-ақ жарыстың ең жас қатысушысы әрі жерлесіміз 9  жастағы мектеп оқушысы Сейтқасым Нұртілеу Серікұлы «20 пара» бойынша І орынды (2 000 000 теңге) қанжығасына байлап қайтты.  

Жеңімпаздармен бірге байқауға қазылық жасаған елімізге белгілі қарилар Сәдуақас Олжабай (төраға), Кәмілжан Юлдашұлы, Данияр Жұмабай, Ерсін Әміре мен Жұманазар Садырхановқа Бас мүфти арнайы алғыс білдіріп, марапаттады.

Еске сала кетейік, екі күнге созылған қарилар байқауы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Пандемияға байланысты байқау екі күн бойы «Munara TV» телеарнасынан тікелей эфирде, «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан және Мүфтияттың Instagram-дағы @muftiyatkz парақшасынан онлайн көрсетілді.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары