Қарағанды облысына қарасты Абай ауданы, Дубовка кенті мешіті қысқы дайындығын бастап кетті. Мешіт имамы Санақбай Төлетханның ұйымдастыруымен ғимараттың ішкі есіктері мен жылу бөлуге қажетті жабдықтар жаңартылды. Сонымен қатар, дәрет алуға арналған арнайы бөлме дайындалуда. Мешіт дін қызметкерлері жамағатқа қолайлы жағдай жасауға қол ұшын беріп, ат салысып жатқан мешіт жанашырларына риясыз алғыс білдіреді.
ihsan.kz
Пікірлер