Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ
10 қазан, 2021 жыл 206 Басып шығару нұсқасы

Жезқазған қаласына екі күндік ресми сапармен келген ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойына бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы аймақтың әкімі Қайрат Әбсаттаров мырзамен кездесті.

Кездесуде ең алдымен аймақтың  діни ахуал сөз болды. Өз кезегінде аймақ әкімі  діни басқарманың жұмысына табыс тілеп, жергілікті қала, аудан, ауыл имамдарынына қолдау болатынын жеткізді. Сондай- ақ, жаңадан бой көтеріп келе жатқан мешіт  құрылысына қатысты мәселелер талқыланды. Кездесу соңында облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен  «Muftiyat» баспасынан жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.

Айта кетейік,  кездесуге Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Нұрбол Әділмұрат, Жезқазған қалалық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің имамы Омаров Нұрперзент қатысты.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары