Қарағанды облысына қарасты Абай ауданы, «Қараған» 159/5 түзеу мекемесінде жұма күні құрбан шалынып қайырымдылық шара өтті. Аталмыш шараға Абай ауданының имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы, «Қараған» түзету мекемесінің басшысы Бендерский Игорь Сергеевич және мекеме ұжымы қатысты. Нәзір құрбан шалудағы басты мақсат мекеме ұжымы мен қызмет барысындағы ауыртпалықтың, қиындықтар мен кесірдің алдын- алу, береке мен бірліктің нығаюына ықпал ету. Рәсім барысынжа аудан имамын арнайы бата беріп, мәуліт айының құрметіне Құран бағышталды. Құрбан еті көмекке мұқтаждарға үлестірілді.
ihsan.kz
Пікірлер