Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ХАЛАЛ ӨНІМДЕРДІҢ «HALAL EXPO 2021» КӨРМЕСІ ӨТЕДІ
07 қазан, 2021 жыл 171 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 11-12 қазан күндері Шымкент қаласында «QMDB Halal» сертификатын алған өнімдердің халықаралық «HALAL EXPO 2021» көрмесі өтеді.

«Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы және Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Көрме» орталығында өтетін халықаралық «HALAL EXPO 2021» көрмесіне әлемдік және отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, халал индустриясындағы белді кәсіпорындар мен халықаралық сертификаттау органдары, дін қайраткерлері, мемлекеттік мекеме басшылары, зиялы қауым, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысады.

«HALAL EXPO 2021» көрмесіне қатысу – сауда нарығындағы жаңа бағыттарға жол ашып, тұтынушыларға халал өнімді тікелей өндірушіден нарықтық бағадан төмен алуға таптырмас мүмкіндік. Сонымен қатар көрме аясында зиялы қауым өкілдері мен дін ғалымдары, халықаралық сарапшылар баяндама жасайды.

Үздік кәсіпорындарды ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы марапаттайды.

Өтетін орны: Шымкент қалалық «КӨРМЕ» орталығы, Н.Назарбаев даңғылы, 12, Нұрсәт 2 шағын ауданы.

Басталуы: 11 қазан, сағат: 10.00

Байланыс үшін: +7 778 11 22678 (Айбек Асқарбекұлы).

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары