Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртаулық қариялар құрметке бөленді
01 қазан, 2021 жыл 200 Басып шығару нұсқасы

 
Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты іс-шара өткізілді.
 
 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай жүзеге асқан іс-шараға қалалық Ақсақалдар алқасының мүшелері және жергілікті дін қызметкерлері қатысты.
 
Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен қазыналы ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты асыл аналарымызға ақ дастарқан жайылып, ғасырлар бойғы «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» дәстүріне сәйкес қазақы құрмет көрсетілді.
 
Естай Айтуғанұлы жиналған қауымды төл мерекесімен құттықтап, қала мешіттерінің бір жыл ішінде атқарған жұмысымен таныстырып өтті. Сондай-ақ, көп жылдан бері құлшылық үйлерінде қызмет етіп келе жатқан Шынуар Серікбайұлы ақсақалға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатын табыстап, орталық мешіт атынан шипажайға жолдама табыстады.
 
Кеш соңында қариялар имамдарға алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары