Соңғы уақыттарда жүзін құбылаға бұрып, сәждеге маңдайы тиіп, Хақ дін Исламды қабылдап жатқандардың саны артуда.
Балқаш қалалық мешіті де осындай қуанышты жаңалықтың куәсі болып отыр. Осыдан біраз күн бұрын өзінің өмірлік жары ұлты корей қызын мешітке алып келген қазақ азаматы жары Анастасия Лидің мұсылман дінін қабылдағысы келетінін айтқан болатын. Артынша Оның әкесі де Геннадий Ли мұсылман дінін қабылдайтынын айтып, қуанышты хабарды сүйіншілей жеткізді.1995 жылы дүниеге келген Анастасия (Мариям) мен оның әкесі 1968 жылы туылған Геннадий ( Ахмад) Ли кәлима шахадат айтып, тіпті, есімдерінде таңдай келгенін жеткізіп, Ислам дінін қабылдап, мұсылманша жаңа есім иелері болды.
Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы Амантай Естай асыл дін Ислам жайында насихат айтып, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын түсіндіре келе Алланың құзырында қабыл болатын соңғы дін Ислам екендігін мақтан ете қуанышпен айтып берді.
Осылайша наиб имам бастаған мешіттің дін қызметкерлері Ислам дінін қабылдаған Ахмад пен оның қызы Мариямға дұға етіп, бата берді.
ihsan.kz
Пікірлер