Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы және діни оңалту бөлімінің жетекші маманы Асылхан Нұртайұлы Шет ауданына арнайы қызметтік іс-сапар барысында ауданға қарасты «Жұмыскер», «Қайрақты», «Ақадыр» кенті тұрғындарымен кездесіп. "Зират және зиярат мәдениеті" құжатындағы маңызды мәселелерді ортаға салды. Өз сөзін наиб имам: " Зират және зиярат мәдениеті» құжаты екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде зират көтерудің үкімдері, зират көтеру мәдениеті, теңдік ұстанымы, құлпытас қою мәдениеті, зират құрылыстары мен кесене салу түрлері қамтылған. Ал екінші бөлімде зиярат жасаудың әдебі, марқұмдарға сәлем беру, Құран оқу, зиратта көңіл бөлінетін жайттар, кесенелерді зиярат жасау, әйелдердің зиярат жасауы сынды бірқатар мәселелерге айрықша мән берілген. Бүгінде зиярат жасауды бір тәртіпке келтіріп, жалпыға ортақ мәдениетті қалыптастыру – аса маңызды істің бірі",-деді. Сонымен қатар ауыл халқына "Дін және зайырлылық" , "Жат ағымның зардабы" тақыптарын қозғап, терең мәнін ұғындырды....
ihsan.kz
Пікірлер