Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«NAQYL MEDIA» жаңа белестерді бағындыруға дайын
14 қыркүйек, 2021 жыл 165 Басып шығару нұсқасы

Теміртау қаласының имамдары медиа саланы дамытуға қатысты жиналыс өткізді.
 
Қала бас имамы Естай Айтуғанұлының төрағалығымен өткен жиынға «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешіт және қалалық «Жақып Ақбай» атындағы мешіттің имамдары мен ұстаздары қатысты.
 
Естай Айтуғанұлы ақпарат саласындағы жұмыстарды тілге тиек етіп, дін қызметкерлерін «NAQYL MEDIA» студиясының барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сапалы дәрістер мен бейнероликтерді дайындауды тапсырды. Бұдан бөлек бас имам ҚМДБ қызметінің жеті бағыты, соның ішінде Ихсан ілімі аясында уағыз-насихат жұмыстарын күшейтуге шақырды.
 
Еске халайық, «NAQYL MEDIA» кешені ағымдағы жылдың 25 мамыр күні ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей қатысуымен ашылған болатын.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары