Қарағанды облысына қарасты Балқаш қаласында білім күніне орай ұйымдастырылған спорттық шара өз мәресіне жетті. Балқаш қалалық мешітінің жамағаттары "КММ Балқаш қаласы конфессияаралық қатынастарды зертеу және талдау" орталығымен бірлесе отырып, өзара ынтымақпен бірлікті қалыптастыру аясында «Рухани келісім бейбітшілік негізі» атты футболдан спорттық шара ұйымдастырды. Бірнеше сағатқа созылған турнирде жеңімпаздар алғыс хатпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ең үздік танылған командаға 45000 мың, екінші орынға 35000 мың , үшінші орынға 25000 мың сонымен қатар жекелеген үздік ойыншыларда сый-сияпаттан құр қалмады. Алдағы уақытта дені саудың, жаны сау демекші жастарды салауатты өмір салтына, ынтымақ пен берекеге шақыратын мұндай ойындар жалғаса береді.
ihsan.kz
Пікірлер