Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«QAZYNA FOOD» ДӘМХАНАСЫ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТТІ
04 қыркүйек, 2021 жыл 71 Басып шығару нұсқасы

«QAZYNA FOOD» дәмханасының қызмет барысын толық тексерістен өткізіп, дәмхананың асханасына зертханалық жұмыс жасау мақсатында «Халал Даму» ЖШС –ның технолог маманды Сатаева Айзат Ермекқызы және  Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов арнайы бақылау жұмыстарын жүргізді.  Тексеріс барысында өнімдердің құрамы, асхананың өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығын тексерді. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді. Кезектен тыс тексеріс жұмыстарынан өткен дәмхана барлық талаптарға сай қызмет етуде.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары