Жаңа оқу жылының қарсаңында Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жүзеге асты. Шара барысында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының балаларына мектеп құралдары салынған сөмекелер табысталды.
Саран қалалық мешітінің имамы Мұхаметқали Саликов оқушылардың сабақта озат болумен қатар, ата – аналардың үмітін ақтап, еліміздің елеулі азамат пен азаматшалары болуын тіледі. Мешіттегі осынау ізгілікті іске көмек алушы ата – аналар, мешіт дін қызметкерлеріне рахмет айтып, алғыстарын білдірді.
ihsan.kz
Пікірлер