Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АНЯ МЕН ЮЛЯ ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАДЫ
27 тамыз, 2021 жыл 295 Басып шығару нұсқасы

Алла иманды тек таңдаулы құлына ғана сыйлайды. Бүгінде Аллаға шүкір Ислам дініне бет бұрушылардың саны күн санап артып келеді. Қасиетті  жұма күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне аяқ басқан Юля және Аня есімді қос азаматша мұсылмандық дінін қабылдау ниетімен Алла үйіне келіп, Ислам дінін қабылдады. Хақ дінді мойындап, бір Алланың құлы болу ниетімен ағынан жарылып келген жандарды «Әнет баба» мешітінің ұстазы Нұрбол Әділмұрат қуана қарсы алып, әрбіріне кәлима-шаһадатты айтқызып, бес парызды айтып, ислам дінінің рухани құндылықтарын түсіндіріп, ақ тілегін білдірді. Мұсылман қатарына қосылған екі азаматша Фатима және Зәйнаб есемін арқалап, Алла үйінен шынайы бақытқа бөлініп шықты.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары