Қарағанды облысына қарасты Абай ауданы, Топар кенті мешітінде Республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Қайырымдылық шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға мектепке керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Аталған шараға "Жұмабек Ташен" атындағы мешіттің имамы Аманжолов Ерғанат қатысып көп балалы үйлерде болып жаңа оқу жылына сәттілік тілеп сыйлықтар таратты. Нәтижесінде 13- бала толығымен қамтылды.
ihsan.kz
Пікірлер