Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ТЕМІРТАУ:ОТЫЗ ОТБАСЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК ПЕН КІЛЕМ ҮЛЕСТІРДІ
18 тамыз, 2021 жыл 216 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Ашура күнінің қарсаңында Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласындағы «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің ұйымдастыруымен  «Кең болсаң, кем болмайсың» атты қайырымдылық шарасы  жүзеге асты.  «Қайырымдылық жасасаң-қайырын өзің көресің»,-демекші, шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отыз отбасына азық-түлік үлестірілді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Садақа беру ешқашан байлықты кемітпейді», - деп айтқан. Игі шара барысында азық-түлікпен қатар, кілемдер таратылды. Теміртау қаласының имамы Естай Айтуғанұлы берекелі шара барысында  мұсылман бауырының шаңырағына қуаныш сыйлаған жомарт жандарға үлкен алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Осы жасалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары