Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ТЕМІРТАУДЫҢ КӨНЕ МЕШІТ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
16 тамыз, 2021 жыл 194 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты, Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» атындағы мешітке жасалған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Екі айға созылған жұмыс барысында 800 кв/м аумақты құрайтын мешіттің ішкі бөлмелері толықтай жөндеуден өтті. Бір мезетте 1000-нан астам адам құлшылығын өтей алатын ғибадат үйінің намазханасы (ерлерге және әйелдерге арналған бөлмелері) жарықтандырылып, қабырғалары безендіріліп, заманауи үлгіде жаңартылды.

Мешіттің жөндеу жұмыстары Теміртау қаласының жомарт азаматтары мен жамағатының ат салысуымен жүзеге асты. Сондай-ақ, игі істің басы-қасында жүрген Теміртау қаласының  имамы Естай Айтуғанұлы  мен жергілікті дін қызметкерлерінің де айтарлықтай үлесі бар екенін айта кеткен жөн.

Аймақ имамы Естай Айтуғанұлының айтуынша, ғимарат ішіндегі құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, енді тек кілем төсеу ғана қалған. Еске сала кетейік, 1993 жылы балабақшадан мешіт қолданысына берілген бұл ғимарат бүгінге дейін осындай ауқымды һәм күрделі жөндеу жұмыстарынан өтпеген.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары