Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің»- дегендей ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай аудандық мешітінің имамы Рысбай Асыл Көкешұлының ұйымдастыруымен Құран жарысы өтті. Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деген еді.
Сайыс барысында әділқазылар алқасы сайысқа қатысушы шәкірттерге және жамағатқа Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.
Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.
Құран жарысына қатысушылар «Құран Кәрімнің 1 парасын жатқа оқу», «Құран Кәрімнің 2 парасын жатқа оқу» және «Құран Кәрімнің жарты парасын жатқа оқу» номинациялары бойынша бақ сынасты.Құран жарысына Қарағанды облысы бойынша 40 шәкірт қатысып бақсынасты.
3 номинатсия бойынша 18 орын тағайындалып жеңімпаздарға ақшалай сертификат табысталды...
Орынға іліге алмағандарға Алғыс хат пен ақшалай ынталандыру берілді.
Пікірлер