Мұсылмандардың қасиетті мерекесі Құрбан айтқа орай «Бірлік» қайырымыдылық қоры ұйымдастыруымен Жезқазған қаласының «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің жамағаттары арасында шағын футболдан өзара жарыс болып өтті. Бұл шараны өткізудегі мақсаты – діндар жамағатпен тығыз байланыс орнатып, олардың дәстүрлі діни бағытқа көзқарасын оңтайландыру. Сондай-ақ, мұсылмандарды бауырмалдыққа шақырып, өзара достық қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік жасау болып табылады. Дәстүрге айналған сайыс барысында ауыспалы кубокты иемденуге қатысушылар командаларға бөлініп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс ереже бойынша өтіп, нәтижесінде әділ қазылар алқасы балдық жүйемен топтың белсенділігін бағалап, ортақ ұйғарымымен үздік деп танылған командаларды марапаттады. Бас жүлдені «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің жамағаты иеленді. Бұл тартысты ойынның жеңімпаздары демеушлер ұсынған сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен мадақталды.
ihsan.kz
Пікірлер