Алланың ризалығына жетелейтін жол Ислам шариғатында жатыр. Соның бірі – имам Мүслимнен келген хадисте кездеседі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан: "Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері."– дейді.
«ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» республикалық акциясы аясында Қарағанды облысына қарасты Қаражал қалылылық мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Ғимараттың іші-сырты қайта әрленіп, терезелері ауыстырылып, мешіт еденіне жаңа жайнамаз төселуде.
Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Осы орайда мешіт имамы Советов Талғат Дюсембайұлы игі іске ат салысып жатқан барша демеуші жандарға зор алғысын жеткізеді.
ihsan.kz
Пікірлер