Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балқашта «XXI-ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысы өтті
21 шілде, 2021 жыл 356 Басып шығару нұсқасы

XXI-ғасыр ғылым мен білімнің шарықтау кезеңі. Осындай уақытта жастардың жан- жақты білімді болуы ол-заман талабы. Әсіресе, бүгінгі күні жастардың басқа ағым жетегіне еріп кететіні тек ата-ананы емес, қоғамда үлкен қасіретке айналып отыр. Осындай жау жағадан алғанда, бөрі етектен болып жатқан алма ғайып  кезде болашақ жастардың дәстүр мен салтқа, өзіміздің  дәстүрлі дінімізге берік болуы тиіс.

Балқаш қалалық мешіті мен  «КММ Балқаш қаласы конфессияаралық қатынастарды зерттеу және талдау» орталығы мен бірлесе ұйымдастырған жамағат арасында жастардың  діни білім сапасын көтеру мақсатында өткен білім  сайысы өз мәресіне жетті. Сайысқа Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы Айтқазин Рауан, наиб имам Валиев Ахмадулла және теолог Сейітқали Әбдіқадыр төрағалық етті.

Білім сайысына  жамағат арасынан таңдап алынған 9 жамағат  қатысты. Қатысушылар арасында сайыс үш кезеңге бөлініп жүргізілді.

I- кезең жалпы Ислам тарихы және салт-дәстүр бойынша;

II- кезең Фиқһ мәселесі бойынша;

III- кезең Ақидаға байланысты сұрақ-жауап бөлімі.

Діни білім сайысында жүзден жүйрік шыққан жеңімпаз ,білімді жастар  сый-сияпаттармен  марапатталды.

Бірнші орынға 16000 мың,

екінші орынға 10000 мың,

үшінші орынға 8000 мың ,

төртінші орынға 5000 мың,

бесінші орынға 3000 мың теңгенің заттай сыйлықтары берілді.

Сайыстың соңында көрермендер арасында сұрақ-жауаптан жарыс  ұйымдастырылып, жеңімпаздарға  сый-сияпаттар үлестірілді.

Әрине, әр түрлі сайыстар болып жататыны белгілі ғой. Алайда, діни білім сайысының  қызықты әрі, тартысты  өтуі көрермендер тарапынан зор  қолдау тапты. Сайыстың соңында көрермендер тарапынан сайысты ұйымдастырған діни қызметкерлерге зор алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары