ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай ел көлемінде маңызды жөндеуді қажет ететін мешіттерге күрделі жөндеу жасауды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти хазірет тапсырған болатын. Осы тапсырма негізінде Қарағанды облысына қарасты бірқатар мешіттерге жөндеу жұмыстары жасалып жатыр.Соның бірі, Шахан кентіндегі «Сәлкен молла» мешітінде жүргізіліп жатқан сыртқы жөндеу жұмыстары қасиетті Құрбан Айттың алғашқы күні аяқталды. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) : «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» ,-деген. Алланың жердегі үйі атанған ғимараттың жөндеу жұмыстарына ат салысқан барша жомарт жандарға мешіт имамы Амирханов Сырымхан Мейрамбекұлы өзінің алғысын білдірді.
ihsan.kz
Пікірлер