Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

РЕСЕЙ МҮФТИІ ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ
16 шілде, 2021 жыл 86 Басып шығару нұсқасы

Ресей мүфтилер Кеңесінің және РФ мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Равиль Ғайнутдин көрнекті ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан мұсылмандарына көңіл айтты. Бұл туралы Ресей мүфтилер Кеңесінің ресми сайты хабарлады.

«Ислам дініне және мұсылмандарға, ғылым мен білімге қызмет еткен ағамыз Әбсаттар қажы Дербісәлі дүниеден өтті. Ол өзі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына төрағалық еткен жылдарда Ислам дінінің өркендеп, білімнің қанат жаюын жаңа деңгейге көтерді. Оның ғылыми ізденісінен туған еңбектері оқырмандарын тек жақсылыққа үндейді.

Марқұмның отбасы мен жақындарына көркем сабыр тілейміз. Қазақстан мұсылмандарына Ресей мүфтилер кеңесі және өз атымнан қайғырып көңіл айтамын» делінген хабарламада.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары