Ислам діні бойынша науқасты зиярат ету (яғни көңілін сұрау) – сүннет. Адамгершілік қағидасына сүйенсек те, бұл ұлты мен ұлысына қарамай мәдениеттілікке жатады. Халық даналығында «Аурудың емі – саудың сәлемі» деп текке айтылмаса керек. Себебі, көңілі жан жарым боп жатқан науқасты зиярат ету – рухани демеу. Адам қиналғанында мейлі жас, мейлі қарт болсын жанына демеу, көңіліне медеу болар бір жылы сөз күтіп, айналасынан жылы қабақ күтетіні белгілі.
Қарағанды облысына қарасты Абай ауданы, Сарепті ауылының имамы Дәуренбек Арғын ауыл ауруханасына арнайы ат басын бұрып, науқас жандарды зиярат етті. Ауылдық емханада ем алып жатқан науқастарымен бірге болып, науқас жандар үшін Алладан дұға тілеп, мекеме қабырғасында Құран оқыды. Шара соңында Дәуренбек имамға емхана ұжымы мен онда ем алушы жандар ризашылықтарын білдірді.
ihsan.kz
Пікірлер