ҚМДБ Қарағанды қалалық «Балақажы» мешітінде өткен жасөспірімдер арасындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курсты тәмамдаған бүлдіршіндерге мешіт имамы Нуров Махмұд Нұрұлы арнайы алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтарды табыстап, талапты бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған жазғы оқу лагерінде мектеп жасындағы балаларға "Ислам әдебі", "иман негіздері", Құран әліппесі секілді пәндер жүргізіліп, исламның алғышарттарын үйретті. Берекелі шарада балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын аниматорлар да ойын - сауық ұйымдастырды. Ата аналар разылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.
ihsan.kz
Пікірлер