ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті жас жеткіншектерге арналған жазғы сауат ашу курсын бастап кетті.
Курстың алғашқы күнінде, «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы балақайлармен жеке-жеке танысып, білім алу жолында сәттілік тілеп, Өзінің батасын берді.
Бүгінде сауат ашу курсында тәлім алып жатқан ұл-қыздар мешіт ұстаздарынан ахлақ (әдеп), қысқа сүрелер мен дұғаларды, Ислам тарихы мен намаз оқуды үйретуде. Ендеше, балақайларға ілім алу жолында мол береке мен сәттілік тіледік! әмин!
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер