Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНДА ТАСАТТЫҚ БЕРІЛДІ
08 маусым, 2021 жыл 341 Басып шығару нұсқасы

Қазақта «Жұт жеті ағайынды» деген ұғым бар. Осы ұғымның жалғасы ретінде "Жұт жетеу, содырмен сегіз, салақпен тоғыз, олақпен он" деген мақал да сақталған. Халық даналығы осы арқылы табиғат апатының зардабы адамның өзіне байланысты екенін аңғартқан. Ертеде ата-бабаларымыз мұндай жағдайлардан әртүрлі жолмен сақтануға тырысқан. Жерге тамшы тамбай, ауа температурасы да көтеріліп, қуаңшылық болған кезде жұрт жиылып орындайтын тасаттық рәсімі де – соның бір мысалы. ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау ауданында көпшілік жиылып, тасаттық беріп, құрбандық малы шалынды. Рәсімге жергілікті тұрғындар, ақсақалдар мен мешіт дін қызметкерлері қатысып, Жаратқаннан дұға тіледі. Құран оқылып, ақ дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары