ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Шет аудан, «Жанқұтты би» мешітінің имамы Маханбетчин Берік Алпысбайұлы ауыл жастарының басын қосып, тасаттық берді. Бір қой сойылып, екі ракагат намаз оқып, Алладан жаңбыр тілеп дұға жасады. Жиналған қаражаттың жартысын (250000 мың теңге) Асқаров Ағыбай Мейрамұлының еміне аударылды. Айта кетейік, Ағыбай есімді жиырма жасар жігіт 3- дәрежелі қатерлі ісікке шалдыққан болатын. Бауырымыз Стамбул қаласында жасалатын отаға қаражат жинау үстінде. Алла Тағала барша жомарт жандардың жасаған ізгі амалдарының сауабын еселеп жазғай! Ал, бауырымызға тез сауығып, ортамызға қосылуын тілейміз! Әмин!
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер