1-маусым балаларды қорғау күні Қарағанды қалалық Балақажы мешіті, «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен шаһарымыздағы мүгедек балалар арнайы зират етіліп, сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, қажетті ем-домдарына қаржылай көмек берілді. Науқас жанның халін сұрау мұсылман адамның міндеттерінің бірі. Осы айтулы мереке күні денсаулығы үшін күресе өмір сүріп жатқан балаларға мешіт дін қызмекерлері өздерінің ыстық лебізі мен бататілектерін білдірді. Құран оқылып, науқас жандарға арнайы дұға жасалды. Алла Тағала барша жомарт жандардың игі істерінің сауабын еселеп жазғай!
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер