Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
31 мамыр, 2021 жыл 380 Басып шығару нұсқасы

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды  қаласында кеңестік солақай саясаттың салдарынан жазықсыз жапа шеккендерді еске алуға арналған еске алу шарасы болып өтті.

Қарағанды қаласының  зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері және ассамблея мүшелері, дін өкілдері қатысқан еске алу шарасына ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб иамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы қатысып,  саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздік арқылы еске алды. Рухани шараға  сондай-ақ, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, қала тұрғындары да қатысты.

Біз тарихтағы зобалаң жылдардың зардабын ұмытпауымыз керек. Өйткені, біз тарихтың ауыртпалықтарынан сабақ алып қана, алға қадам басамыз. Келешекте мұндай қасірет қазақ жерінде болмасын. Ал, бүгінгі ұрпақ бейбіт өмірдің қадірін білуі тиіс. Жиналған көпшілік, қала басшылығы мен шаһар тұрғындары монумент алдына гүл шоқтарын қойып, алдыңғы буынға құрмет көрсетті.

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары