Құранда Алла Тағала: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» – деп бұйырады. Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екенінен байқалады. Қандай жағдай болмасын, мұсылман баласы өзінің рухани құндылығын сақтап, қысылтаяң жағдайда еш өзгерместен, белгілі мақсатты көздемей халыққа қол ұшын созуы қажет. Қасиетті Шәууал айының қарсанында Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің имамы Саликов Мұхаммедқали қажы Сапарғалиұлының ұйымдастыруымен жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен Саран қаласында орналасқан "Планета одежды и обуви" дүкенінен қайырымдылық ретінде 10 отбасыға 100.000 теңгелік сертификат үлестірілді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, қандай қайырымды іс жасасаң да барлығы өзің үшін.
Осы жалған өмірде қандай да бір игі, қайырымды істеріміздің сыйы Алла Тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын! Алла Тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!
ihsan.kz
Пікірлер