Қарағанды облысына қарасты Абай ауданда жыл сайын өтетін зират маңындағы тазалық жұмыстары биыл да жалғасын тапты. Аудан имамыАманбол қажы Рымқұлұлының ұйымдастыруымен өткен сауапты іске жергілікті жамағат ат салысып, техник жағынан қолдау көрсетті.
Мұсылман әдебінің негізін құрайтын тазалық мәселесіне Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) хадистерінде айрықша мән берген. Соның ішінде, зират басын қоқыстан тазарту бір жағынан өткенімізді құрметтеу болса, екінші жағынан өскелең ұрпақты адамгершілікке, имандылық жолына тәрбиелейтін маңызды амал екендігі даусыз.
Жиналған көпшілік ата-баба, ағайын-туыстары жерленген зираттардың маңайын тазалап,олардың рухына Құран бағыштап, дұға жасады.
ihsan.kz
Пікірлер