Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Ел үлесі-пәтерге»: Жезқазғанда кезекті баспананың кілті табысталды
21 мамыр, 2021 жыл 171 Басып шығару нұсқасы

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ең жақсы адам – қоғамға пайдасы тиген адам», – деген.                                   Қарағанды облысы "Зекет және қайырымдылық" қоры және Жезқазған қалалық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің ұйымдастыруымен "Ел үлесі-пәтерге" жобасының кезекті игі іс-шарасы өтті.  Шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шалғай ауылдардағы дін қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету бастамасы аясында жүзеге асып отыр.  Аталған шараның мақсаты- баспанасыз дін қызметкерлерін үй-жаймен қамтамасыз етіп, барынша қолдау білдіру. Осы іс – шара барысында жергілікті халықтың ықылас-пейілімен жинаған қаржысына алынған баспананың кілті Қарсақбай кенті мешітінің имамына табыс етілді. Ихсан ілімінен бастау алатын Ислам әдебі жекелеген тұлғадан бастап, күллі қоғам үшін де аса пайдалы. Дін – тәрбие құралы. Дін қай жерге ұяласа, тыныштық пен береке сол жерден көрініс берері ақиқат. Қасиетті Қадір түнін өз шаңырағында қарсы алсын деген ниетпен берілген жаңа үйдің кілтін қоныс иесі Бозай Өмірзаққа Жезқазған қаласының   имамы Омаров Нұрперзент Еламанұлы табыстады. Баспанаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, демеушілердің көмегімен жаңа жиһаздар алынды.  Игі шараға ұйытқы болған халыққа, қайырымды жандарға алғысымызды білдіреміз! Ихсан адамның жан дүниесін тәрбиелейтін ілім. Ихсан – тәрбиенің бастауы. Алла баршамызды Мухсин (Игілікті, қайырымды, жақсылықты ниет етуші, ізгі амалдарды көп жасаушы) құлдарының бірі етсін. Алла Тағала елімізге, жерімізге жар болып, жақсылығын жаудырғай. Сыртын жаудан, ішін даудан сақтасын Әмин.

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары