Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде Алла Тағаланың 99 есімі жатқа оқылды
17 мамыр, 2021 жыл 296 Басып шығару нұсқасы

Ораза айт мейрамының құрметіне Қарағанды облысына қарасты Сатпаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде Алла Тағаланың 99 көркем есімдерін жатқа оқу жарысы өтті. Жарыс Әйел-қыздар» секторы мен мешіт  ұстазы Рахима Әлиханқызының бастамасымен жүзеге асты.  Жарысқа қатысушыларға Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің ұстазы Бакирова Арай, Жезқазған қаласы "Ахмет ишан Оразайұлы" мешітінің ұстазы Оразбекова Жанар, "Ән-Ниса" қоғамдық бірлестігінің теологы Усманова Бибіжамал өз бағаларын беріп, әділқазылар алқасының құрамында болды.  Жарыс барысында қатысушылардың Алла Тағаланың 99 көркем есімдерін жаттау пысықтығы, әріптердің махраджы (дұрыс шығарылуы), орындау мақамы сынды талаптарға мән берілді. Сонымен қатар, шара барысында Аллаға мадақ өлеңдері оқылып, пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтылды. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Құдайқұлова Зәмзәгүл, 2-орынды Талғат Айдана, ал жүлделі 3-орынды Шінәділова Света мен Бекмаш Азиза алды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар таратылды.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары