Айттың бірінші күні Балқаш қалалық мешітінің қыздар секторы және ұстаздарының ұйымдастыруымен Ораза айт мерекесімен қала тұрғындарын құттықтап, ерекше сый-сияпаттар таратылды. Айттың құрметіне балалар мен аналарға түрлі тәттілер мен сыйлықтар үлестірді. Осындай игі шараға дән риза болған аналар мен балалар мешітіміздің әйелдер жамағатына өз ризашылықтарын білдірді. Дінімізде жақыныңа , бауырыңа сыйлық жасау ол белгілі бір мерзімді талап етпейтіні белгілі. Дегенмен осындай игі бастаманың айт мейрамы қарсаңында арнайы жасалуы жастарға, басқаларға үлгі болары сөзсіз. Алла ризашылығы үшін жасалып жатқан игі шараның , дінімізге кішкентайда болса ықпалы тиіп, болашақ жастардың қайырымды болуға, мейірімді болуға назарын аударып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Әрине , мұндай жақсы бастама әрі қарай да жалғасын табатын болады.
ihsan.kz
Пікірлер