Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абай ауданының имамы жамағатқа ауызашар берді
12 мамыр, 2021 жыл 163 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысы Абай ауданына қарасты Дубовка кенті мешітінде жамағатқа ауыз ашар ұйымдастырылды. Абай ауданының  имам Аманбол қажы Рымқұлұлы  арнайы ихтикафта жүрген жамағатпен тығыз байланысты құру үшін дастархан жайып ашық жарқын отырыс өткізді. Аталған шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің найб имамы Асылхан Нұртайұлы Темірханов қатысып, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының ыстық сәлемін жеткізді. Жиналған жамағатқа әсерлі уағыз айтып сыйлықтар тарту етті. Өз кезегінде аудан имамы дәстүрлі дінді дәріптей отырып Ханафи мазхабының құндылықтарын түсіндіріп дінде бөлініп емес бірігіп тіршілік жасаудың маңызды екенін жеткізді. Отырыс барысында мұсылмандардың үшінші қасиетті мекені «Ал Ақса» мешітінде  орын алған оқиғаға орай дұға жаса,п Жаратқан жаппар иемізден жарылқау тіледі.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары